|
Қырғызстанда ел астанасын ауыстыру мәселесі көтерілді
|
KAZINFORM – Жогорку Кенеш отырысында Бішкектегі кептеліс мәселесін шешу үшін ел астанасын көшіру ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Депутат Бақытбек Мариповтың айтуынша, ел астанасында екібасты әкім болса да, түтін мен көлік кептелісі мәселесі шешілмейді.
- Мен астанамызды басқа жерге көшіруді ұсынамын. Бұл мәселені қарастыру керек. Ыстықкөл облысында Асман қаласы салынып жатыр, оған 10 млрд сом инвестиция тартылды. Темір жолды қаланың сыртына көшіру үшін 550 млн доллар, ал айналма жол салу үшін 1 млрд доллардан астам қаражат қажет. Егер астананы, министрлер кабинетін қала сыртына көшірсе, кептеліс мәселесі шешіледі, - деп бөлісті пікірімен депутат.
Зарина Туғанбаева
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды