Қытай аумағынан бірнеше мұнай кеніші табылды
Қытай аумағынан бірнеше мұнай кеніші табылды
3 жыл бұрын 2003 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың мемлекеттік Sinopec энергетикалық компаниясы Шыңжаң аймағының Шунбей ауданандағы Тарым аумағынан 100 млн тонна болатын мұнай-газ кенішін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Sinopec компаниясының солтүстік-батыс филиалы іске асырған барлау ұңғымасының нәтижесі көрсеткендей, мұнай шикізатының өндірісі күн сайын мыңнан аса текше метрі мен табиғи газдың 500 мың текше метрінен кем түспеген. Бұл деректі қытайдың аталмыш компаниясы Weibo (Twitter әлеуметтік желісінің қытай баламасы) платформасындағы өзінің микроблогында келтірген. Дегенмен аталған кен орнының әлеуеті толық ашыла қойған жоқ. Энергетик сарапшылардың топшылауынша, бұл кен орнында шамамен 100 млн тонна мұнай шикізаты мен табиғи газ қоры бар. Тамыз айының 25-і күні Қытайдың PetroChina деп аталатын өзге энергетикалық компаниясы Дасин кен орнынан тақтатас мұнай қоры барын анықтаған болатын. Оның қорын геологтар 1,268 миллиард тоннаға бағалап отыр, ал барлау ұңғысының күн сайынғы өндірісі шамамен 30 текше метр мұнайдан кем түспеген. Ал шілде айында қытайдың CNPC мұнай алыбы Гансу провинциясы аумағынан қоры болжам бойынша миллиард тоннаға жететін тақтатас мұнайын тапқан еді (қараңыз: «Аса ірі мұнай импорттаушы елді мұнай импортына тәуелділіктен құтқаратын аса ірі мұнай қоры та»ылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/asa-iri-munai-importtaushy-eldi-munai-importyna-taueldilikten-qutqaratyn-asa-iri-munai-qory-tabyldy-15400/#gsc.tab=0).

Ұқсас материал:

«Аса ірі мұнай импорттаушы елді мұнай импортына тәуелділіктен құтқаратын аса ірі мұнай қоры та»ылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/asa-iri-munai-importtaushy-eldi-munai-importyna-taueldilikten-qutqaratyn-asa-iri-munai-qory-tabyldy-15400/#gsc.tab=0);

«Қытайда жүздеген жылға жететін мұнай-газ кен орны табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-juzdegen-jylga-jetetin-munai-gaz-ken-orny-tabyldy-11540/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат