Үйде асыранды жануарлардың санына шектеу қояды
Үйде асыранды жануарлардың санына шектеу қояды
3 жыл бұрын 2350 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей тұрғындарынан үйде ұстайтын жануарлардың санын белгілі бір шектен асырмауды талап етілетін болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ мемлекеттік думасының экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет жетекшісінің орынбасары Кирилл Черкасовке жөн сілтеген Ura.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол РФ ауыл шаруашылық министрінің бұл тарапта тиісті нормативті-құқықтық құжаттар дайындайтынын жеткізді. Оның айтуынша, үйдегі асыранды жануарлар саны үйдің шаршы метріне қарай белгіленуі мүмкін. Бұл тыйымды бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылуы мүмкін екенін де ескертіп өтті. Бұдан бөлек, асырауға тыйым салынған жануарлар үйден шықпай-ақ, қоршаған ортаға залал келтірсе, оның қожайынына да қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Бұған мысал ретінде жекеменшік үй ауласындағы қояндар саны екі жүзден асып кеткен (бір көбейсе, оларды тоқтату қиын) азаматтарды келтірген екен – көршілеріне иісімен әрі шу тудырып ұйқы бермеген, мазасын алған.

Ұқсас материалдар:

«Үй жануарларын ресми тіркету міндетті шара болмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/ui-januarlaryn-resmi-tirketu-mindetti-shara-bolmaq-15021/#gsc.tab=0);

"Үй жануарларын қарыз үшін алуға заңмен тыйым салынды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ui-januarlaryn-qaryz-ushin-aluga-zanmen-tyiym-salyndy-14803/#gsc.tab=0);

"Аятолла үй жануарларына «соғыс» жариялады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ayatolla-ui-januarlaryna-sogys-jariyalady-14804/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат