|
Қытайда тағы бір вирус ошағы табылды
|
Қытай аумағындағы терісі бағалы аңдар фермалары вирус ошағы деп танылды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Известия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, мамандар жұқпалы індет ошағына айналуы мүмкін мұндай 13 ферманы тапқан. Олар болашақтағы ықтимал пандемияға себеп болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, мұндай фермалар баяу жарылатын бомба секілді – қатері бірден емес, біртіндеп білінетін жұқпалы індет ошағына айналуы әбден мүмкін. Тар темір торға қамалғандықтан терісі бағалы аңдар ұдайы стресте болады – осылайша төңірегіне көптеп вирус бөледі. Бостандықтағы аңдарға қарағанда қамаудағы жануарлардың ауру тарату қатері жоғары.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды