|
Ресейде күдіктілердің ДНҚ-сын міндетті тіркеу туралы заң қабылданды
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы екінші оқылымда сотталғандар мен күдіктілердің және айыпталушылардың міндетті геномдық тіркеуі туралы заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы TACC ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құжатта Ресейдің тергеу комитетінің сараптамалық бөлімшелері геномдық тіркеуді жүргізу құқығына ие болатыны айтылған. Сондай-ақ, бұл тәртіп енді әкімшілік қамауға алынған азаматтарға да қатысты қолданылады. Сонымен қатар, заң жобасында сотталғандардың, айыпталушылардың және күдіктілердің геномдық мәліметтері олар ақталған жағдайда жойылатын болады. Қазіргі уақытта геномдық тіркеу ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін жүргізіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады