|
Саудияның мұнай қоры әлдеқайда мол болып шықты
|
Саудияның Saudi Aramco мемлекеттік мұнай өндіретін компаниясына тәуелсіз бағалау жүргізген америкалық DeGolyer & MacNaughton консалтингтік компаниясының қорытынды есебі бойынша аталған ел аумағындағы мұнай қоры (Кувейтпен шектесіп жатқан "бейтарап" қорды қоса есептегенде) 268,5 млрд барреллді құраған. Бұрын бұл көрсеткіш 266,3 млрд баррелден аспаған еді. Бұл жайында саудиялық ақпарат агенттігі (SPA) мәлім етті. Ал Саудияның газ қоры, DeGolyer & MacNaughton келтірген дерекке қарағанда, 319,5 трлн текше метрді құрап отыр. Бұрын бұл көрсеткіш 302,3 трлн текше метрден аспаған еді. Бұл өз кезегінде Саудияның аймақтағы әрі халықаралық саясаттағы ықпалын ұзақ мерзімге сақтауына мүмкіндік беретін ресурс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді