Семіздік індетімен ұлттық деңгейде күрес науқанын бастады
Семіздік індетімен ұлттық деңгейде күрес науқанын бастады
3 жыл бұрын 3279 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ұлыбритания билігі семіздікпен күрес жөніндегі бағдарлама аясында теледидарда сағат кешкі 21.00-ге дейін, ал интернетте толықтай майлы, тәтті, ашшы тағамдар жарнамасына тыйым салуды заңмен бекітуді көздеп отыр. Бұдан бөлек, супермаркеттерде құрамында майы мен қанты көп тағамдар жарнамасына, соның ішінде, акцияларға тыйым салуды қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы бағдарламаның бір бөлігі болып табылатын "Fit Miles" көтермелеу бағдарламасы да іске қосылады. Аталмыш ынталандыру бағдарламасы бойынша дене жаттығуымен шұғылданып, оны әдетке айналдырғандарға сыйақы төленеді. Осылайша британиялықтар бұл бағыттағы сингапур тәжірибесін қолданып көрмек. Бұрын аталған ел билігі семіздікпен күрес науқанына ел қазынасынан 100 млн фунт стерлинг мөлшерінде қаражат бөлген болатын. Оның 70 млн-ы салмақты бақылау өніндегі ұлттық денсаулық сақтау қызметінің жұмысына, ал қалған 30 млн-ы семіздік індетінің алдын алуға көмектесетін бұқаралық іс-шаралар мен саламатты өмір салтын насихаттайтын жобаларға жұмсалады. Сарапшылардың есебінше, бұл қомақты қаражат өз кезегінде 700 мың ел азаматының арықтауына көмектесуі тиіс. Жоғарыда айтып өткеніміздей, кешкі сағат 21.00-ге дейін денсаулыққа зиянды тағамдар арнамасына тыйым салу қарастырылып жатыр, балалардың дені теледидар алдында 06:00 - 21:00 аралығында отыратыны белгілі болған. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігінің келтірген дерегі бойынша 1980 жылы қарасы 6%-дан аспаған артық салмақтан зардап шегетін еркектер саны 2019 жылы 27%-ға жеткен, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш аталған мерзімдерде 9%-дан 29%-ға дейін өсіп кеткен. Бастауыш сыныпта оқитын әрбір үшінші ағылшындық бала артық салмақтан зардап шегеді. Семіздік індетіне шалдыққандарды емдеуге жылына алты млрд фунт стерлинг кетеді екен.

Тақырып бойынша материалдар:

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0); 

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0); 

«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0); 

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0

«Жас кезінде артық салмақтан зардап шеккендердің қартайғанда жадысы нашарлайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-kezinde-artyq-salmaqtan-zardap-shekkenderdin-qartaiganda-jadysy-nasharlaidy-14977/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат