Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды
Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды
3 жыл бұрын 3044 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Семіздік – ХХІ ғасыр індеті. Аталмыш індетпен күресу дамыған елдерде стратегиялық мәнге ие бола бастады. Өйткені, семіздік ауқымдылығымен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін деңгейге жетіп қалды. Семіздік – өзімен бірге түрлі кеселдерді (сусамыр, жүрек-қан тамырлары, т.б.) ерте жүретін созылмалы дерт. Яғни, осы заманғы денсаулық саласына ауыр жүк түсірген семіздік індетінің түрлі кеселге шалдықтыру сипатына байланысты метаболилік синдром ретінде таниды. Яғни, семіздіктің себебінен зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын синдром: артық салмақтан жүрек-қан тамырларының аурулары, инсулинге сезімталдықтың төмендігі (сусамыр қатері), қан түйіршіктерінің (тромб) пайда болуы. Әлем ғалымдары аталмыш індетпен күресу үшін артық майды пышақпен сылып алып тастауға дейін баратын радикалды емдеу шараларына дейін қолдануда. Алайда, нәтижесі шамалы. Бұл тарапта жатпай-тұрмай ізденген ғалымдар қимыл-қозғалысы аз осы заманғы адамға тән дерт ретінде онымен күресу стратегиясын өзгертуге тура келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар артық салмақпен күресудің мейлінше тиімді әрі қауіпсіз тәсілін тапты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, бауырға ультрадыбыспен әсер ету арқылы тәжірибедегі тышқанның бойындағы семіздікпен байланысты бірнеше симптомды жоя алған. Ғалымдар бұл тәсілді қалай тапты? Ғалымдар ультрдыбыспен периферилік жүйке жүйесін (ми мен жұлынның шегінен тыс жүйке талшықтарының ұшы) стимуляциялаған кезде қабыну тоқтаған еді, созылмалы қабыну процесі семіздікке де тән екенін ескере келе бұл тәсілді артық салмақпен күресуде қолданып көруге бел буған.

 

Терапияда инвазивті емес хирургияда кеңінен қолданылатын ультрдыбыстық толқын пайдаланылды

Фото Feinstein Institutes for Medical Research

(ықшамдалып алынды – ред.)

Ұқсас материалдар: 

«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0); 

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0); 

«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0); 

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат