Шуды электрге айналдыратын құрылғы жасалды
Шуды электрге айналдыратын құрылғы жасалды
3 жыл бұрын 1765 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Самарлық ғалымдар шуды электрге айналдыратын қондырға жасады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Самар университетінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген  hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қондырғылар шуды электрге айналдыратын бұл қондырға болашақта дыбыс толқыны қуатты, яғни, шуды қатты шығаратын теміржол локомотивтерінің, кемелердің аса қуатты қозғалтқыш жүйесінде немесе поршенді компрессорларда орнатылады. Аталған жоғарғы оқу орнының жылу техникасы кафедрасының аға оқытушысы Артем Шимановтың айтуынша, осылайша дыбыс толқынының энергиясын пайдалану шуды азайтуға мүмкіндік беріп қоймай, қосымша энергия көзі ретінде адам иглігініне жаратылады. Яғни, бір оқпен екі қоянды атып алумен бірдей ұтымды әрі инновациялық тәсіл әлі де жетілдіріле түседі. Бұл бағытта зерттеу келесі жылы толық аяқталуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат