|
Соңғы 5 жылда Қытай аумағынан мұнай мен газдың 225 кеніші табылған
|
Қытай халық республикасының табиғи ресурстар министрлігі келтірген дерекке қарағанда, таяуда табылғандарының ішінде қоры 100 млн тоннадан асатын 13 мұнай кен орны және қоры 100 млрд текше метрден асатын 26 газ кен орны бар. Бұл жпайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Энергетикалық дағдарысты айналып өтуге мүмкіндік беретін қазба ресурстарының өндірісі жылдан жылға біртіндеп арттырылады. Ал мұнай шикізатының өндірісі жылына 200 млн тонна деңгейінде сақталады. Аталмыш министрлік 450 млрд юан (66 млрд доллар) инвестиция салынғанын хабарлады. Бұл қаражат Қытайда он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда шикі мұнай мен табиғи газдың белгілі қорларын екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. Қытай әлемдегі ең ірі энергия тасымалдаушы, яғни, импорттаушы ел. Ол өз мұнайының 10% -ға жуығын Ираннан импорттайды, сондықтан сыртқы факторлардан болатын жағымсыз сценарилерден қорғалмаған.