|
Суды ысырап қылғандар жазаланады
|
Көп ұзамай Мысыр билігі суды үнемдемей шектен тыс қолданғандарды, яғни, ысырап еткендерді жауапкершілікке тартып, жазалайтын болады. Тиісті заң жобасын елдің парламенті қарайды. Нақтырақ айтқанда, тиісті түзетулер су ресурстары және ирригация туралы заңға енгізіледі. Мысыр билігі мұндай шараға елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі су ресурсын ұтымды пайдалану үшін барып отыр. Соның ішінде, Ніл өзенінің жағалауын заңсыз құрылыстан қорғамақ. Аталмыш құжатта, сонымен қатар, жаңбыр суын сақтау да қарастырылған. Суды үнемдемегендер, яғни, ысырап еткендер айыппұл арқалап қоймай, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ауызсу аптап ыстық пен құрғақшылық жайлаған өлкелерде ең өзекті мәселеге айналған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды