|
Тәліптер ауған астанасын ауыстыруды көздеп отыр
|
Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) ел астанасын ауыстыруды, дәлірегі, астананы Кабул қаласынан Қандағарға көшіруді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Aamaj News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптердің жобасы бойынша Кабул билікке қарсы саяси наразылықтан алыс қалаға, дәлірегі, әкімшілік орталыққа айналуы тиіс. Десе де бұл ауқымды әрі елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы жоғары саяси шешімнің жүзеге асырылатын мерзімі туралы әлі айтылға жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды