|
Тәліптер террористермен қытай камерасының көмегімен күреспек
|
Ауғанстан үкіметі ел аумағында бейнебақылау камерасын орнату бойынша қытайдың Huawei фирмасымен келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bloomberg іскерлік дерек көзіне жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) өкілдері «бүлікшілермен және террористермен» осы қытай камералары арқылы күресуді мақсат етеді. Соның ішінде Шам мен Сирия жерінде ойран салған содырлардың ауған аумағындағы тобын жоюды көздеп отыр. Десе де Huawei компаниясы бұл ақпаратты не жоққа шығармады, не растамады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады