Түріктердің Anka беспилотнигі жаңа оқтұмсықпен жабдықталады (видео)
Түріктердің Anka беспилотнигі жаңа оқтұмсықпен жабдықталады (видео)
2 жыл бұрын 1309 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: CeeGee / Wikimedia

Түркияда Anka соққы беруші беспилотнигінің арсеналына енетін Kuzgun («Құзғын») зымыранымен жабдықталады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ұшқышсыз ұшатын аппараттар жүйесі бойынша Türk Havacılık ve Uzay Sanayii (TUSAŞ) компаниясының бас директоры Омар Йылдызға жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «TÜBİTAK SAGE әзірлеген реактивті «Құзғын» оқ-дәрілері басқаларға қарағанда ауыр, салмағы 100 келіге дейін тартады. Ол 60 пен 90 келіге дейінгі оқтұмсықты көтере алады. Оның қатты отынды қозғалтқыш жүйесі бар, әлдеқайда үлкен қашықтықты еңсереді. Айдың соңына дейін «Анка» ұшқышсыз ұшақтары «Құзғын» зымыранымен жабдықталады», - деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, жаңа зымыран Анка пайдаланатын шағын өлшемді MAM-C және MAM-L оқ-дәрілерін толықтырады. Сондай-ақ, дрон мұхиттағы акустикалық деректерді жинайтын Sonobuoy құрылғысын және теңіздегі миналарды анықтауға арналған SAR радарын алып жүре алады. Анка ұшқышсыз ұшағы алғашқы рет 2010 жылы ұшты. Құрылғының максималды ұшу салмағы - 1700 келі. Анка ұшқышсыз ұшу аппараты аяздан және найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған. Бұрын белгілі болғандай, Түркияда ұшқышсыз ұшатын соққы беруші аппараттарға арналған Bozok бомбасының жетілдірілен нсұасы жаппай шығарыла бастады.

 

0 пікір
Мұрағат