|
Туристерді тарту үшін шариғат талаптарына көз жұма қарайтын болды
|
Иранның жоғары лауазымды дін қызметкері (аты-жөні айтылмаған - ред.) шетелдік турист әйелдер үшін осы ел аумағында, дәлірегі, еркін сауда аймақтарында шариғат талаптарына сай міндетті болып табылатын хижабпен жүру талабының күшін жоюды ұсынды. Кума қаласындағы семинарияда дәріс беретін Мохсен Гаравиан да Ирнға келген турист әйелдердің өз қалауы бойынша киінуіне рұқсат беруді жақтап отыр. Бұл жайында ILNA ақпарат көзі хабар таратты. Иран заңына сәйкес Иран әйелдері де, шетелден саяхаттап келген әйелдер де шариғат талаптарын сақтауы тиіс. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Киш және Кешм аралдары Парсы шығанағындағы Иранның аса маңызды еркін сауда аймақтары болып саналады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды