Түркия 10 мың рохинжа босқынын қабылдайтын болды
Түркия 10 мың рохинжа босқынын қабылдайтын болды
6 сағат бұрын 99 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзия билігі кәсіби даярлаудың арнайы бағдарламасы бойынша Түркияға 10 мың рохинжа босқынын қоныстандыру жоспарын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған мұсылман мемлекетінің премьер-министрінің орынбасары Ахмет Зәкі Хамит мәлімдемесі жарияланған New Straits Times мерзімді басылымына жөн сілтеген mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саясаткер атап өткендей, бағдарлама босқындардың түрік өнеркәсібінің түрлі салаларының нақты қажеттіліктеріне бейімделген техникалық және кәсіптік білім беру мен даярлаудың үш немесе алты айлық курсынан өтуді қарастырады. Бұл  бағдарлама оларға сұранысқа ие мамандықтарды алуға және Түркияның қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Ахмет Зәкі Хамит аталмыш бағдарламаға қатысатын рохинжалық босқындарды іріктеу, оқыту, құжаттарды рәсімдеу және көшу түрік билігімен және Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасымен үйлестіру негізінде және халықаралық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылатынын атап өтті. Мьянма азаматтарының - негізінен рохинжа халқының босқын өкілдері - Малайзияға 2021 жылғы әскери төңкерістен кейін және талай жылдан бері толастамаған ішкі қақтығыстан жаппай келе бастады. Малайзияда тұрақты негізде елде заңсыз тұратындарды қоса алғанда, Мьянмадан 200-300 мыңға жуық рохинжа босқындары тұрады. Мьянма өзі атамекені болса да азшылықты құрайтын әрі діні бөлек (мұсылман) болғандықтан  саяси қуғын-сүргін мен зорлық-зомбылықтан рохинжалықтардың дені көрші елдерге, соның ішінде мұсылман елі деп Бангладеш, Малайзия елдеріне бас сауғалады.  Малай елі аумағында 10 мыңнан астам заңсыз келген рохинжалықтар аталған елде заңды негізде қала алмайды, өйткені, Куала-Лумпур БҰҰ-ның 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы конвенциясына қосылмаған мемлекет және мигранттар мен баспана сұраушылар үшін босқынның заңды мәртебесін ресми түрде танымайды. Заңды мәртебесінің болмауына байланысты мұндай адамдардың мемлекет тарапынан ресми жұмысқа орналасуға, әлеуметтік қамсыздандырылуға және қорғалуға құқығы жоқ. Міне, осындай себеппен рохинжалық мұсылмандарды Түркия өз қорғауына алмақ. Десе де Малай елінің аумағында бүгінгі таңда 3 млн 800 мыңнан аса мигрант өмір сүріп жатыр, ал Түркияда да осы шамалас – 3 млн 900 мыңнан асады. Түркиядағы босқындардың дені Сириядағы азаматтық соғыстан қашып келгендер – 90 пайызы. Дәлірегі, 3 млн 600 мың босқын – сириялық. 

0 пікір
Мұрағат