Пациентке дәрін алыстан шашатын медициналық дрон құрастырылды (видео)
Пациентке дәрін алыстан шашатын медициналық дрон құрастырылды (видео)
6 сағат бұрын 136 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда зардап шеккендерді тауып, оларға қашықтан дәрі-дәрмек егуге қабілетті ұшқышсыз ұшақ әзірленді. Аппарат дәріні шағын снарядтың көмегімен жараланған адамның бұлшық етіне тікелей енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы globaltimes.cn сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сун Жунпин есімді  әскери шолушы Global Times тілшісіне қазіргі заманғы соғыс барысы ұрыс алаңынан медициналық эвакуацияны, яғни, жаралыны алып кетуді қиындататынын айтты. «Қазіргі заманғы қақтығыстардың ең үлкен проблемаларының бірі - тыл мен майдан сызығы арасындағы шекара аражігінің жойылуында», - дейді сарапшы. Осыған байланысты жарақат алғандар кең аумақты алады. Құтқарушы дрондар қауiптi тұсқа жеткенге дейiн алғашқы көмек көрсету арқылы жаралының дер кезінде медициналық жәрдем ала алмаудан өлу қатерін төмендетуi мүмкiн. Келешекте бірегей технология анағұрлым ауқымды эвакуация үшін де қажет болады. Бұл тарапта госпиталдардың бірінде тәжірибе жүргізілді: тепловизионды дрон, яғни, жаралыны оның денесінен бөлінген жылу арқылы табатын дрон шартты зардап шеккендерді іздесе, жүк дрондары кәдімгі машиналар бара алмайтын аудандарға бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізеді, ал робот иттер тар қуыстарға кіріп, зардап шеккендерді тауып, қауіпті учаскелерге сарбаздарды жөнелтпес бұрын алдын ала қаншалықты қатерлі екені турасында орталыққа ақпарат жібереді. Бұл технология тек әскери операцияларда ғана қолданылмайды. Мұндай дрондар азаматтық құтқарушыларға көшкіннен, жолдың бүлінуінен және су тасқыны кезінде инфрақұрылымның қааншалықты қирағаны жөнінде ақпарат алуға көмектеседі, ал дрондар оларға тікұшақтар мен экипаждарға қауіп төндірмей дәрі-дәрмек жеткізе алады

 

0 пікір
Мұрағат