Пластик пен химиялық заттардың бір-бірінің зиянды жақтарын күшейте түсетіні анықталды
Пластик пен химиялық заттардың бір-бірінің зиянды жақтарын күшейте түсетіні анықталды
6 сағат бұрын 136 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бирмингем университетінің (Британия) ғалымдары айрықша зерттеу жүргізді - пер- және полифторалкилді қосылыстардың (ПФАС) микропластикпен бірге екі түрдегі заттардың уыттылығын арттыратын синергетикалық әсерге ие екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental Pollution (EnvPol) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ПФАС - жоғары температураға төзімділігімен ерекшеленетін ,бұйымдар өндірісінде кеңінен пайдаланылатын, қоршаған ортаны ластайтын, тіршілікке қауіпті шамамен 15 мың түрлі химиялық қосылыстардыңң жалпы атауы немесе термин. «Мәңгілік» деп аталатын бұл химикаттар табиғи жолмен ыдырамайтындығымен және қоршаған ортада, сондай-ақ, адам организімінде жинақталатындығымен ерекшеленеді. Олардың уытты әсерінен қатерлі ісік, бүйрек патологиялары, бауырдың зақымдануы, иммундық жүйенің бұзылуы және туабітті кемістіктер сияқты бірқатар емі қиын аурулар пайда болады. Микропластик - көлемі бес миллиметр және одан кем түсетін пластмасса бөлшектері, соңғы зерттеу нәтижелері микропластиктің адамның барлық ағзасынан (миының қорғаныс қабатынан - гематоэнцефалды кедергіден де өтіп кетеді), ұрығынан, қан құрамынан, жатырдағы шаранадан да, т.б. табылғанын көрсетті. Гормондық ауытқудан бастап, жүрек-қан тамыр ауруларына дейін тудырады. Ал микропластиктің химиялық заттармен өзара әрекеттесуі (реакциясы) организмді улап, зиянды әсерін күшейтеді. Таяуда ғалымдар су бүргелеріне тәжірибе жүргізген екен - ең кең таралған және аса  қауіпті ПФАС-тың екі түрінің, дәлірегі, ПФОК және ПФОС-тың қоспасы - ПЭТтің әсеріне ұшыратып көрді. Бұл қоспамен бүргелер мекені - су қоймаларына қосты. Аталған жәндіктің ұрпақ өрбіту қабілеті төмендеп кеткен - улы заттың әсерінен жынысы жетілмей қалған. Мамандар жоғары уыттылықтың 40% -ға жуығын микропластик пен ПФАС арасындағы синергиямен түсіндіруге болатынын атап өтті. Зерттеушілер уытты әсерлердің өзара күшеюі микропластика зарядтары мен ПФАС қосылыстарының өзара іс-қимылынан туындайтынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат