Түркияда KEMANKEŞ 2 «ақылды» зымыран сынақтан өтіп жатыр (видео)
Түркияда KEMANKEŞ 2 «ақылды» зымыран сынақтан өтіп жатыр (видео)
13 күн бұрын 597 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде (АІ) жүйесімен жабдықталған KEMANKEŞ 2 Mini Smart қанатты зымыраны Түркияның Едірне провинциясының Кесан ауданындағы Baykar ұшу оқу және сынақ орталығында сынақтан өтуде. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Baykar компаниясының хабарлауынша, қанатты зымыран әуеде шамамен бір сағат бойы бола алады және KEMANKEŞ 2 Mini Smart реактивті қозғалтқышының арқасында ол жау шебінің артындағы ең қиын нысандарға мейлінше дәл әрі жедел соққы бере алады. Ақылды зымыранның ұшу қашықтығы шамамен 200 шақырымды құрайды. AI қолдау көрсететін оптикалық бағдарлау жүйесі KEMANKEŞ 2 Mini Smart зымыранына нысананы танып, тауып, тіпті, қиын ауа райы жағдайында да, тәуліктің кез келген сәтінде мүлт кетпей жоюға мүмкіндік береді. KEMANKEŞ 2 қуатты қорғаныс технологиясының арқасында электрлі кедергілерді еңсере алады. Бұдан бөлек, барлау, бақылау қызметін атқарып, алынған ақпараттарды дереу жөнелтіп отырады. Аталмыш зымыран Түркияның қорғаныс өнеркәсібін жаңа белеске бастайтын бағыт. Өткен жылы Ататүрік әуежайында өткен TEKNOFEST 2023 авиация, ғарыш және технология көрмесінде алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылған қару шағын келгендіктен үнемді. Осы орайда Baykar компаниясы Түркияның қорғаныс флагманы атанып, оның ұшқышсыз ұшатын әскери аппараттарының экспорты жылдық кірістің 83 пайызға жеткенін айта кетпекпіз. Өткен жылы Baykar экспорты 1,8 млрд долларды құрады. Әлемдегі ең ірі ұшқышсыз ұшақ экспорттаушысы Baykar-дың қол қойған келісімшарттарының 97,5 пайызы экспортқа негізделген.

0 пікір
Мұрағат