Түркияда шетелдік профессорлар санына жаңа шектеу қойылады
Түркияда шетелдік профессорлар санына жаңа шектеу қойылады
7 күн бұрын 326 kaz.inform.kz Назым Бөлесова. Фото: azertag.az

KAZINFORM — Түркия жоғары оқу орындарында шетелдік оқытушылар саны 2%-дан аспауы мүмкін. Бұл туралы AZƏRTAC агенттігі хабарлады.

Түркияның жоғары оқу орындарында келісімшарт негізінде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар саны университеттердегі жалпы профессорлық-оқытушылық құрамның 2 пайызынан аспауы тиіс. 

Тиісті заң жобасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (парламентінің) жалпы отырысының күн тәртібіне енгізілген.

Заң жобасының авторларының айтуынша, бұл өзгерістер Түркияның жоғары білім беру жүйесінде кадрлық саясатты тиімдірек жоспарлауға мүмкіндік береді.

Түркияның Жоғары білім беру кеңесінің (YÖK) мәліметінше, 2023–2024 оқу жылында ел университеттерінде келісімшарт негізінде шамамен 3 мыңға жуық шетелдік маман қызмет атқарған. Олардың басым бөлігі Иран, Әзербайжан, АҚШ және Сирия азаматтары болған.

Атап айтқанда, Түркия университеттерінде жұмыс істейтін 235 әзербайжандық ғалым мен маманның ішінде 39-ы – профессор, 13-і – доцент дәрежесіне ие. 

Айта кетелік Түрік лирасы дамушы елдердің валюталары арасында құнсыздану жағынан екінші орынға шыққаны туралы жазған едік. 

Назым Бөлесова

0 пікір
Мұрағат