|
Тырысқақ індетін жұқтырғандар қарасы 1 миллион адамға жуықтап қалды
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері азаматтық соғыс толастамаған Йеменде тырысқақ індетінің кең таралғанына алаңдаушылық білдірді. Соңғы мәліметке қарағанда, аса қауіпті инфекциялық ауру жұқтырғандар қарасы 1 миллион адамға жуықтап қалған. Бұған қоса, аталған індеттен көз жұмғандар саны да өсіп келеді. БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Фархан Хак мәлімдегендей, осы уақытқа дейін екі мыңнан аса адам тырысқақтан өлген. "Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма хабарлағандай, қараша айының 12-сі күнгі дерек бойынша Йеменде 925 мыңнан аса адам тырысқақ індетін жұқтырған, 2,2 мың адамның өлімі осы дертпен байланысты болған",- деді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды