|
Үндістанда жасөспірім қыз дәретхананың жоқтығынан өзіне қол салды
|
Үндістанның шығыс провинцияларының бірінде 17 жасар қыз ата-анасы үйде дәретхана салудан бас тартқаны үшін өзіне өзі қол салған. Бұл жайында nur.kz порталы Би-би-си ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Ата-анасы қызын күйеуге беруге ақша үнемдеу үшін дәретхана мен кәріз салғысы келмеген көрінеді.
Елдегі «Ұлттық конгресс» саяси партиясының жоғары шенді мүшесі бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазып, халықты үйлеріне кәріз тартып, дәретхана салуға шақырды.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди өзінің саясатының басты бағыты антисанитарияға қарсы күрес екенін мәлімдеді.
1.2 млрд адам тұратын Үндістан халқының жартысына жуығы дәретханаға қол жеткізе алмай отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Ғимаратқа арналған жемпір» үйдің жылуына кететін энергияны 23% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді
■
Cабын мен ұнтақты қажет етпейтін, өздігінен тазаратын мата жасалды
■
Түркияда күштер арасалмағын өзгерте алатын қуатты қару пайда болды (видео)
■
Әлемде тұңғыш рет қажылық үшін ақша төлейтін ел пайда болды
■
Иран халқы Ислам революциясынан бері 54 млн адамға көбейген