Құлтемір адам өлтірді
Құлтемір адам өлтірді
9 жыл бұрын 3349

Volkswagen зауытында бақылаудан шығып кеткен құлтемір саксониялық 21 жастағы жұмысшыға металл пластинды лақтырып, ауыр жарақаттады. Құлтемір осылайша оның кеудесін күйретіп тастаған, нәтижесінде жас жігіт емханада көз жұмды. Бұл жайында немістердің «Hessische Niedersächsische Allgemeine» басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұл жазатайым оқиға двигателді құрастыру цехында орын алған. Бұл кезде жұмысшы автоматтандырылған құрылғының ішінде болатын. VW концернінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш құрылғы сырттағы адамның сигналы бойынша қозғалып, осы қателіктің салдарынан жас жігітті жарақаттаған. Алайда, бұл тек болжам ғана. Нақты себебі тергеу, тексеру амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болады. Мұндай жағдай бұл фирмада бірінші рет орын алып отырған жоқ. Өткен жылдың мамыр айында Ганноверге қарасты зауытта болат темір үстіне құлаған 44 жастағы ер адам тіл тартпай кеткен. 

0 пікір
Мұрағат