Блогер еліміздің қосымша атауына қатысты өз ұсынысын білдірді
Блогер еліміздің қосымша атауына қатысты өз ұсынысын білдірді
9 жыл бұрын 3348

Tengrinews.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, блогер Тимур Кубековтың айтуынша, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы тамаша, соған орай өз ұсынысын да «Yvision.kz»-тегі өзінің парақшасында білдіре кетіпті.

Блогер Тимур Кубеков еліміздің жаңа брендін қалыптастыру үшін мынадай пікір айтыпты: «Ұлы Дала елі» – жақсы атау әрі соған тұрарлық. Бірақ! Оның «бірағы» бар. Кәнеки, сараптап көрейікші. Далада өмір сүргендер байқаған шығар, оның есінде ең көп қалатыны – аспан. Ол қалада немесе тауда өмір сүрсін, аспанды аңсайды. Дала тұрып, көкжиекке көз тіккен оның жанары аспанның 70 пайызын қамтиды. Даладан көретінімз: шалқар көк аспан, қазбауырлай жүзген бұлттар, ал түнде – төбеңнен тамып кететіндей жыпырлаған жұлдыздар...»- деп жазыпты ол. Осылай дей келе ол көшпенділердің елтаңбамызда бейнеленген шаңырақтан көкке көз тігетінін, «Шаңыраққа қарап сөйле» (өзіңді Құдай бақылап тұрғандай жөн сөйлеуге үндейді) дейтін нақылдың барын еске сала кетеді. «Дала перзенті аспан астында дүниеге келіп, дүниеден өткен»,- дей келе: «Қазақстанның қосымша атауына «аспан» сөзін қосу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын. Мәселен, «Байтақ аспан елі» немесе «Аспан елі»,- деп тұжырыпты. 

1 пікір
Мұрағат