ЮНИСЕФ: Қырғызстанда миллионнан астам бала жоқшылық көруде
ЮНИСЕФ: Қырғызстанда миллионнан астам бала жоқшылық көруде
8 жыл бұрын 2852 Baq.kz centralasian.org

Қырғызстанда миллионнан астам бала кедейшілікте өмір сүреді және әлеуметтік жағынан қорғалмауына байланысты қиындықтарды бастан өткеруде. Бұл туралы ЮНИСЕФ ұйымының «Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі балалар құқығы мен әл ауқатын әлеуметтік жағынан қорғау» деп аталатын жаңартылған есебінде жарияланды. 

Құжатта аталған өңірлердегі 30 шақты ел мен аумақтардағы балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы үрдістер туралы соңғы мәліметтер жиналған.
Есепте: «Қырғызстанда миллионнан астам бала әлеуметтік жағынан қорғалмаған, сапалы қызмет көрсету жағынан қиындық көреді және түрлі табиғат апаттарының алдында дәрменсіз», - деп жазылған.
ЮНИСЕФ ұйымының Қырғызстандағы өкілі Юкиэ Мокуо: «Балалар мен отбасын әлеуметтік қорғауға көп ақша мен тиісінше көңіл бөлген елдер балалар кедейлігін жеңуде ең жақсы нәтиже көрсетеді. Қырғызстан үкіметі кедейлік деңгейін төмендетуге күш салуда, оның ішінде әлеуметтік қолдау көрсетуге (тұрғындардың әлсіз топтарына жәрдемақы беру мен әлеуметтік қызмет көрсету) тырысуда. Дегенмен қаржыландыру деңгейі әлі де төмен. Біз ертеңгі күні тұрақты даму үшін бүгінненбастап балаларды әлеуметтік қорауға инвестиция құюға шақырамыз», - деп мәлімдеді. 

1 пікір
  • Барлық әлемдегі жоқшылықтың зардабын көріп жатқан осындай күнәдан пәк жандарға бір Алла өзі жар болсын, оларды мұңайтпасын,қарындарын тоқ,көйлектерін көк және де көп кылсын,бір Өзі шексіз мейіріміне бөлесін.(әумин).
    8 жыл бұрын
Мұрағат