1 типті қант диабетімен ауыратын науқас тарихта алғаш рет дертінен толық жазылды
1 типті қант диабетімен ауыратын науқас тарихта алғаш рет дертінен толық жазылды
2 күн бұрын 531 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары май тінінен алынған діңгекті жасушаларды қолдануды ұйғаратын инновациялық әдісті қолданып, 1 типті қант диабетімен ауыратын науқасты дертінен құлан таза айықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасушалар химиялық заттардың көмегімен қайта бағдарламаланып, инсулин өндіруге қабілетті аралшық жасушаларға айналдырылды. Бұл жасушалар науқастың ішкі бұлшықеттеріне енгізілді және 75 күннен кейін ол инсулинді қажет етпеді. Химиялық тұрғыдан индукцияланған діңгекті жасушалар қайта бағдарламалау факторы ретінде әрекет ететін арнайы шағын молекулалық химиялық заттардың көмегімен қалыптастырылды. Олар оңай өндіріледі, стандартталған және геномға біріктірілмеген, бұл ерекшелік олардың жұмысын дәл реттеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл өз кезегінде терапия үшін плюрипотентті діңгекті жасушаларды алудың жаңа әдісі ретінде алға шығады. Шән Жынан есімді ғалым басқарған топ 11 жыл бойы 1 типті қант диабетімен ауыратын науқасқа мұндай жасушаларды әлемдегі алғашқы трансплантациялау операциясын жасады. Науқас өзінің денесіндегі май тінінен алынған және 2022 жылы әзірленген әдіс арқылы қайта бағдарламаланған діңгекті жасушалардың арқасында сауығып кетті. Трансплантаттың құрамында инсулин, глюкагон және соматостатин өндіретін жасушалар бар. Бірегей медициналық процедура 2023 жылдың  маусым айының 25-і күні ішкі бұлшықеттеріне аралшық жасушаларын енгізу арқылы жасалды. 75 күннен кейін науқас инсулинді қолдануды толығымен тоқтатты, ал 4 айдан кейін оның глюкоза деңгейі 96,21% дейін жақсарды. Ұзақ уақыт глюкоза көрсеткіші ретінде қызмет ететін гликирленген гемоглобин деңгейі 5%-ға дейін төмендеді: бұл өзгерістер организмнің аурудан айығып, толық қалпына келгенін көрсетеді.

 

0 пікір
Мұрағат