Адам жуатын машина құрастырылады (видео)
Адам жуатын  машина құрастырылады (видео)
1 жыл бұрын 2895 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Асүй мен жуынатын бөлме құралдарының инновациясымен айналысатын жапондардың Science компаниясы адам жуатын машина құрастыратындарын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Odditycentral ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай аппараттың тұжырымдамасының пайда болғанына жарты ғасыр өтті. Ультрадыбыстық ванна 1970 жылы Осака көрмесінде (Osaka Expo) жапондық Sanyo Electric брендімен жұртшылық назарына ұсынылған болатын. Құрастырушылар адамды «толық автоматтандырылған 15 минуттық циклде тазалау, уқалау және кептіруге» уәде берді. Жуу кезінде адам босаңсытатын бейнелерді көре алады. Сенсорларды талдағаннан кейін жасанды зерде жеке параметрлерді таңдап, аппаратта қажетті жағдай жасайды. Алғашқы үлгі 2024 жылы жиналып, 2025 жылы көпшілікке көрсетілмек.

 

0 пікір
Мұрағат