Cоңғы 30 жылда адамдардың ғұмыр жасы 6,2 жылға ұзарған
Cоңғы 30 жылда адамдардың ғұмыр жасы 6,2 жылға ұзарған
15 күн бұрын 346 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар 1990-шы жылдардан бастап адамдардың орташа өмір ұзақтығы 6,2 жасқа артқанын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құбылысқа жүрек ауруларының, төменгі тыныс жолдарының, т.б. аурулардың төмендегені себеп болған. Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Азия және Океания елдерін қамтитын аймақта осы кезеңдегі өмір сүру ұзақтығы 8,3 жасқа дейін артқан. Екінші орында Оңтүстік Азия келеді. Онда диареялық аурулардан болатын өлімнің күрт төмендеуінің арқасында өмір сүру ұзақтығы 7,8 жылға ұзарды. Мамандар қант диабеті мен бүйрек ауруы сияқты жұқпалы емес аурулардың қаупі артып отырғанын анықтады. Ал жүректің ишемиялық ауруы, инсульт және онкологиялық аурулармен күресте айтарлықтай ілгерілеушілік байқалған.

0 пікір
Мұрағат