Әлемдегі ең жылдам жануар гепард емес, басқа болып шықты
Әлемдегі ең жылдам жануар гепард емес, басқа болып шықты
1 жыл бұрын 3920 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жер бетіндегі ең жылдам жануар осы уақытқа дейін гепард саналып келген еді. Аталған жыртқыш сағатына 110 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Дегенмен, сіз сағатына 320 шақырым жылдамдықпен қозғалатын тіршілік иесінің бар екенін білесіз бе? Бұл жайында islam.kz порталы Live Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологтердің пікірінше, әлемдегі ең жылдам жануар – қарақұйрық сұңқар. Ол - жыртқыш құс; жемтігін аулау кезінде көз ілеспес жылдамдықпен қозғалады. Аталмыш құс Антарктидадан өзге барлық құрлықта кездеседі; 25 мың шақырым шақырым дейін көшіп ұша алады. Лондондағы Табиғат тарихы мұражайының қызметкері Хейн ван Гроу қалыпты ұшу кезінде ақ сұңқар басқа ұшатын жануарларға (мысалы, бразилиялық бүктелген жарқанат) қарағанда арынын жоғалтуы мүмкін екенін айтады. Алайда, жемтігін аулау кезінде олардың теңдесі болмайды - бұл құстар орташа есеппен сағатына 320 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Бір таңқалардығы, бұл көрсеткіш шегі емес – осыдан 20 жыл бұрын АҚШ-та сұңқар әлемдік рекорд орнатты: сағатына 389 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Сұңқардың мұндай қабілетін оның анатомиясымен (жаратылысымен) байланыстырады мамандар. Ең алдымен, сұңқар мұндай жылдамдыққа әскери жойғыш ұшақтарының қанаттарын еске түсіретін  қанаттарының арқасында жетеді. Бұл пішіннің арқасында олар ауадағы қарсылықты азайтады, яғни, ауа ағынын оңай еңсереді. Сонымен қатар, ықшам денесі, қауырсындарының қатты құрылымы және өзгеше тұмсығы оларды әлемдегі ең жылдам тіршілік иесіне айналдырады. Құстардың 2 мыңға жуық түрі сұңқарлардың жемтігіне айналады, олардың арасында шағыны да, ірісі де кездеседі. Сондай-ақ, олар жарқанаттар мен кеміргіштерді де аулайды. Қарақұйрық – сұңқарлар тұқымдасына жатады. Дене тұрқы мен түс ерекшеліктеріне байланысты бұл құс шамамен 17 кіші түрге бөлінеді.

0 пікір
Мұрағат