Ең агрессивті көбелек (фото)
Ең агрессивті көбелек (фото)
6 жыл бұрын 6681 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бір қарағанда, әлемде өзімен-өзі ұшып-қонып жүрген көбелектен асқан зиянсыз жәндікті табу қиын. Ол ол ма, қорғансыз көрінетін жәндіктің бұл түрінен қандай қауіп келеді деген ой үш ұйықтасаңыз ойыңызға да келмейді. Алайда, ғылым олардың да арасында адам мен өзге тіршілік иелеріне қауіпті түрі барын анықтап отыр. Charaxes candiope - ондай көбелектің атауы латынша осылай аталады екен. Былайғы жұрт арасында, "императордың жасыл көбелегі" деп аталып кеткен. Олардың географиялық ареалы, түсінікті тілмен айтқанда, тіршілік ету ортасы - Африка құрлығының шығыс және оңтүстік бөлігі. Сондай-ақ, аталған көбелекке ұқсас түрі Скоктро аралдар архипелагында кездеседі. Негізінен шөлді саванналарда көптеп ұшырасады. Орман-тоғайға жоламайды. Ал адам мен өзге тіршілік иелеріне бұл көбелек несімен қауіпті дегенге келсек, оның бойында улы зат бар. Бұған қоса, басқа көбелек түрлерінен ерекшелеп тұратын агрессиялық мінезі бар. Оның тіршілік ету аймағына енгендерді денесінен улы заттар бөліп, үркітуге тырысады. Ол да өз кеңістігін қорғайды. Осы агрессиялық мінезіне байланысты көп қырылып, Гиннес рекордтар кітабына енгізілді. 

 

0 пікір
Мұрағат