Жаһандық жылынудан көбелектер көбейіп келеді
Жаһандық жылынудан көбелектер көбейіп келеді
4 жыл бұрын 4659 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы – 2019 жылы жаз мезгілінің ыстық болуына байланысты әлемде көбелектер қарасы рекордтық деңгейге жеткен. Табиғатта қорғау жөніндегі біріккен комитет ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, соңғы 22 жылда көбелектер қарасының рекордтық деңгейге жеткенін анықтаған. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, 2050 жылға қарай әлемде 1 млн-ға тарта жануар түрі, соның ішінде жәндіктер жойылып бітеді. Қазірдің өзінде құрлықтың 75%-ы, мұхиттың 40%-ы әне өзен суының 50%-ы дегредацияға ұшыраған. Адамзаттың кесірінен. Негізінен бұл парникті газдың кері әсерінен орын алып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша 1980 жылдан бастап, антропогенді қалдық деңгейі екі есе артқан. Бұл өз кезегінде жердегі температураны кем дегенде на 0,7 °С-қа көтерген. Десе де жаһандық жылыну кей жануарларға оң әсерін тигізген: мәселен, Ұлыбритания аумағындағы 3014 жер теліміне жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, өткен жылы көбелектердің кей түрлерінің өсіп-өнуіне жаһандық жылыну көмегін тигізген. Әсіресе, көбелектің репейник деп аталатын түріне. Аталмыш көбелек түрі Ұлыбританияға Африкадан ұшып келген. 1996 жылдан бері жылдан жылға қарасы көбейіп келеді. Жәндіктердің жауы ауыл шаруашылығында қолданылатын улы тыңайтқыштар, соның ішінде, пестицид.

0 пікір
Мұрағат