|
Каспий теңізінде итбалық үйірімен таспаға тартылып қалды (видео)
|
Әлеуметтік желі қолданушылары оншақты үлкенді-кішілі итбалықты Каспий теңізі жағасынан түсіріп алған. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Lada.kz сайтына сілтеме асай отырып жазды.
Бұл видеоға қатысты «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының басшысы, эколог, Кирилл Осын өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, итбалықтар таяз жерге келіп жатпақшы болған. Бірақ, оларды біреу қатты үркіткен болуы мүмкін, дейді.
«Мүмкін адамнан қорқып, теңізде жасырынбақ болған шығар. Видеоны түсіріп жүрген адамнан үркіп қашқан болу керек. Осыншама итбалықты бір мезетте көру күнде бұйыра бермейді, бұл үлкен сәттілік. Бірақ, оларды шошытуға болмайды. Өйткені, олар үйреншікті жерін тастап кетуі мүмкін», - дейді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті