|
LED-шамшырағының денсаулыққа қауіптілігі анықталды
|
Француздардың азық-түлік, қоршаған орта, еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі (ANSES) бүгінгі таңда жаппай қолданыла бастаған LED-шамшырағының адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігін баяндайтын есебін таяуда жариялады. LED-шамшырағы көз қарашығының торларын жойып, көздің көру қабілетін төмендетеді. Әдетте бөлмені жарықтандыру үшін қолданылып жүрген бұл шамшырақ энергияны үнемдейтін ерекшелігімен белгілі. Бұдан бөлек, оның жарықтығы мен түсін смартфон арқылы қолдан өзгертуге де болатын артықшылығы бар. Десе де ANSES ең фото-улы шамшырақ деп таныған LED-шамшырағының "суық түстісі" ең қауіпті болып шықты. "Жылы түстісі" әлдеқайда қауіпсіздеу, Жанама әсері - адамның қартаю процесін тездетуі мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді