|
Минаны зазалсыздандыратын әскери трактор құрастырылмық
|
«Ростех» мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін Челябинск трактор зауыты 2019 жылы миналарды залалсыздандыруға арналған брондалған трактор құрастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады.
Кәсіпорынның конструкторлары Б10М2С және Б12С бронды тракторлардың шағын түрін жасап шыққан. Олар танкіге және жая әскерге қарсы миналарды залалсыздандырады.
“Егер трактор жарылғыш затты басып кетсе алдыңғы жағында орналасқан моторы жүргізушіні жарылыс салдарынан қорғап қалады”, - дейді «Ростех» мамандары.
Наурыз айында «Уралвагонзавод» Т-90МС танкіні роботтауды қолға алатыны хабарланған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азия елі бір фильмнің негізінде мұғалімдерді қорғайтын мемлекеттік агенттік құруы мүмкін
■
Өз-өзіне қол жұмсап өле алмай қалғандарды өлім жазасына кесетін болады
■
Корей косметикасы халал стандартына көшеді
■
Бай адамдардың 10%-ы планетаға жылына 3,7 трлн долларға зиян келтіреді – ғалымдар
■
Еуропа елінде ислам дінін тану факултеті ашылды