NASA Нью-Йорктен Лондонға бір жарым сағатта ұшып жететін дыбыстан жылдам ұшағын көрсетті (видео)
NASA Нью-Йорктен Лондонға бір жарым сағатта ұшып жететін дыбыстан жылдам ұшағын көрсетті (видео)
9 ай бұрын 1413 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NASA) Айға ұшатын экипажды дайындап қоймай, сонымен қатар, Нью-Йорк мегаполисінен Лондон қаласына дейін бір жарым сағатта жететін, дыбыстан жылдам, жолаушыларға арналған ұшақты да құрастырады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда аталған америкалық ғарыш агенттігі дыбыстан жылдам жолаушылар ұшағының экономикалық тұрғыдан тиімділігін зерттеуге кірісетінін жариялады. Атлант мұхитын 2-ден 4 Махқа дейін бас айналдырар жылдамдықпен бір жарым ішінде кесіп өтетін бұл ұшақ осы мақсатта құрастырылған екен. Бірлікке тең Мах саны сағатына 1224 шақырымға сәйкес келеді. Яғни, 2 Мах сағатына 2448 шақырым жылдамдыққа, ал 4 Мах сағатына 4896 шақырым жылдамдыққа сәйкес келеді. NASA ең жылдам деген F/A-18 жойғыш ұшағынан жылдамдығы екі есе жоғары ұшақ өндірісі бойынша Boeing, Rolls-Royce, т.б. әуе компанияларымен келісім-шартқа отырды.

0 пікір
Мұрағат