|
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіндегі азықтың өзгеше пайдасы анықталды
|
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) сүннеті бойынша қара зеремен қатар емдік мақсатта пайдаланылатын зәйтүн майының бірқатар пайдалы жақтары бары анықталды. Оны осы заманғы медицина білгірлері енді ашып жатыр. Нақтырақ айтқанда, Чили университетінің зерттеушілері шетелдік әріптестерімен зәйтүн майының құрамындағы гидрокситирозолдың адам ағзасына игі әсерін анықтап білді. Ғалымдардың айтуынша, зәйтүн майы холестерині көп жануар майынан пайда болатын жағымсыз әсерді төмендетеді. Әрі аса күшті антиоксидант болып табылатын зәйтүн майы, атап айтқанда, бауырға, жүрекке және миға қорғаныш бола алады. Сол себепті, ғалымдар денсаулыққа аса пайдалы зәйтүн майын жиі тұтынуға кеңес беріп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды