|
Қанатына жолаушылар мінетін ұшақ (видео)
|
Голландық KLM әуе компаниясы болашақта ағылшынша V қарпін еске түсіретін ұшақты пайдалануға бел буып отыр. Бұл жайында Sputnik ақпарат көзі хабар таратты. Делфт техникалық университеті инженерлерінің айтуынша, бұл ұшақ алысқа ұшуға арналған, Аталған ұшақтың пішіні (дизайны) энергияны көп үнемдеуге мүмкіндік бермек. Ұзындығы 55 метрге жететін, биіктігі 17 метрді құрайтын, қанатының ұзындығы 65 метрлік бұл ұшақ бір мезгілде 324 жолаушыны және 160 текше метр жүкті алып ұшуға қауқарлы. Жолаушылар салоны, жүк тиелетін орны, отын багы қанатында орналасқан. Біз сөз етіп отырған Flying-V "екі құйрықты" ұшақтың авторы британдық студент Юстусу Бенаду (Justus Benad).


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді