Қатерлі сәт соқты: күллі әлем бойынша ағаштар атмосферадағы шектен тыс көміртегін сіңіруден қалып барады
Қатерлі сәт соқты: күллі әлем бойынша ағаштар атмосферадағы шектен тыс көміртегін сіңіруден қалып барады
1 ай бұрын 430 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Макс Ллойд бастаған Пенсилвания университетінің ғалымдары ағаштардан «біртүрлі» құбылысты анықтады. Бұл арада ағаштардың ауадан СО2 сіңірудің орнына осы газды атмосфераға шығаратын «ағаш жөтелі» турасында сөз болып отыр. Бұған атмосферадағы көмірқышқыл газының шектен тыс жиналуы, яғни, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы себеп болған. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейнелеп айтқанда, астан күпті болып қалған адамның лоқсып, артығын сыртқа шығарып тастағанына ұқсас құбылыс әлемнің барлық түкпірінде байқалған. Мұндай кері құбылыс климаты қатал, аптап ыстық орнаған аймақтарда екі есе жоғары болып шықты. Ал ылғалды өңірлерде де кездеседі, дәлірегі, ауа температурасы 20 °C-тан жоғары өлкелерде орын алады. Биологиялық цикл мен өсімдіктер арасындағы байланыс бұзылған. Америка құрама штаттарының энергетика министрлігі әлемдегі орман-тоғай атмосферадағы парникті газдардың 25 %-на дейін сіңіре алады. Алайда, жаһандық жылыну фитотыныс деп аталатын бұл заңдылықты, яғни, баланасты бұзған.

0 пікір
Мұрағат