Шалбар қалтасындағы телефон ерлерді белсіздікке ұшырата ма?
Шалбар қалтасындағы телефон ерлерді белсіздікке ұшырата ма?
3 жыл бұрын 2939 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сергей Фесенко есімді ресейлік уролог-андролог, медицина ғылымдарының кандидаты «Бесінші арнаға» берген сұхбатында "шалбардың қалтасындағы телефонның әсерінен елдер белсіздікке ұшырайды" деген былайғы жұрт арасында кеңінен тараған екіұдай пікірге нақты жауабын берді. Бұл жайында  islam.kz порталы аталған телеарнаға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерлерге тән жыныстық аурулар маманы осы заманғы техниканың ерлерді белсіздікке ұшыратады деген пікірдің жаңсақ қалыптасқанын, ол ол ма, тіпті, ерлердің ұрық сапасына да әсерін тигізе алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жаңсақ ұғым жұрт жаппай батырмалы (кнопкалы) телефонды қолданған кезде қалыптасқанын тілге тиек етті, өйткені, ол расымен де тінді зақымдай алатын қарқындылығы жоғары радио толқын бөлетін. Ал осы заманғы қалта телефондарында мұндай зиянды толқын кездеспейді. Осылай деген ол шетелдік және ресейлік ғалымдар бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, осындай тұжырымға келгенін де айтып өтті.

0 пікір
Мұрағат