Шыбыннан биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасалады
Шыбыннан биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасалады
9 ай бұрын 902 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер экологиялық пластикке қажетті биополимердің негізі ретінде өлген шыбындардың денесін пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде америкалық химия қоғамына жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Техастық A&M университетінің ғалымдары шыбын қабығынан (панцирінен) пластик өндіру үшін биополимер бөліп алу технологиясын ойлап тапты. Қажетсіз зат ыдырайды әрі тірі организмдер тарапынан өңделеді. Яғни, ғалымдар аталмыш технологияны қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін тұйық циклге көшіруді көздеп отыр: шыбынның пластик қалдығымен, дәлірегі, өзінен жасалған пластикпен аталған жәндіктің қоректенуін ұйғаратын цикл турасында сөз болып отыр бұл арада. Ғалымдар материалға қажетті затты шыбыннан тапқан, дәлірегі, оның «панцирінің» негізгі құрамдас бөлігі хитин екенін анықтады. Бұл - жәндіктер мен шаян тәрізділердің қабығын немесе экзоқаңқасын нығайтатын улы емес, биологиялық ыдырайтын қант негізіндегі полимер. Бұған дейін ғалымдар биополимерлерді кейбір шаян тәрізділердің қабығынан алғанын айта кету керек. Инженерлер хитинді бөліп алу және оны жәндіктердің өлекселерінен тазарту үшін этанолмен жуды, қышқылды деминерализациялады, сілтілі депротеинизацияны қолданады. Материалдан ацетил топтарын жою арқылы айқаспалы байланысқан реактивті амин топтарын шығарады, бұл процесс хитозанды өз кезегінде биополимерге айналдырады.

0 пікір
Мұрағат