|
Теңіз платформасы бір мезгілде үш жаңғыртпалы энергия көзінен энергия өндіреді (фото+видео)
|
Немістердің Sinn Power компаниясы жаңғыртпалы энергия көздерінің үш компонентін қамтыған қалқымалы платформа түріндегі әмбебап теңіз генераторын жұртшылық назарына ұсынды. Жаңғыртпалы энергия көздерінің үш компонентінің бірі – толқыннан энергия өндіретін жүйе. Екіншісі – күн батареясы. Ал үшіншісіне желден энергия өндіретін генератор жатады. Аталмыш платформаның артықшылығы сонда, кез келген ауа райында энергия өндіреді. Мәселен, күн бұлтты болса, желден немесе толқыннан энергия өндіреді. Неміс инженерлерінің бұл жобасы бойынша толқынның соққысынан платформаның қалқымалы бөлігі 3 метрге дейін жылжи алады – яғни, жүйе 2-ден 6 метрге дейінгі толқыннан энергия жинайды.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді