Зерттеу: 2026 жылға қарай Интернеттегі мазмұнның (контенттің) 90%-ы AI арқылы жасалады
Зерттеу: 2026 жылға қарай Интернеттегі мазмұнның (контенттің) 90%-ы AI арқылы жасалады
2 жыл бұрын 1104 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы енді бір төрт жылдан кейін интернеттегі контенттердің көбісін жасанды зерде тудыратынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы europol.europa.eu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тенденция өз кезегінде ғаламтаор кеңістігін жалған хабарлар мен түрлі қауесеттердің таралуына мүмкін, дейді сарапшылар. Жасанды зерде сарапшыларының есебінше, бірнеше жылдан кейін интернет жасанды зерде тудырған контентпен толығады. Еуропалық Одақтың Құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы жөніндегі агенттіктің зерттеу нәтижесі де адам жасаған мазмұнға қарағанда AI арқылы жасалған контенттер үлесі әлдеқайда көп болатынын көрсетіп берді. Мұндай үрдістің негізгі себебі AI негізіндегі бағдарламалық жасақтамалардың мейлінше жылдам дамып, негізгі мейнстримге айналуында жатыр. Midjourney және Stable Diffusion сияқты AI генераторлары адамдарға мазмұнды, тіпті, комикстер немесе фильмдер сияқты күрделі контентті жасауды жеңілдетеді. Баяндамада интернеттің негізінен «синтетикалық медиадан» тұратыны айтылады. Бұл толығымен жасанды зерде бағдарламалары арқылы жасалған және боттар арқылы таратылатын мазмұнға арналған жаңа термин. Сарапшылардың айтуынша, 2026 жылға қарай онлайн контенттің 90 пайызы синтетикалық жолмен жасалады. Бұл әлеуметтік желілерді DALLE жасанды зердемен жасалған үй жануарларының фотосуреттерімен толтыруға болатынын білдіреді. Reddit ағындары GPT-3 мәтіндерімен толтырылады, ал TikTok және YouTube бейнелері AI арқылы жасалады.

Ұқсас материалдар:

«Ақыл-ойды оқитын дулыға» адам анайы контентті көргенде дабыл қағады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aqyl-oidy-oqityn-dulyga-adam-anaiy-kontentti-korgende-dabyl-qagady-17012/#gsc.tab=0);

«Cарапшылар телехабарлардың жоғалатынын алға тартып отыр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/carapshylar-telehabarlardyn-jogalatynyn-alga-tartyp-otyr-16624/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamzatqa-jasandy-zerdenin-qauipti-ekenin-ozi-eskertti-16172/#gsc.tab=0);

«Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/carapshy-jasandy-zerdeden-keletin-negizgi-qauip-qaterdi-atady-15773/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerdenin-qoldanylu-ayasyna-shekteu-engizilip-kei-salalarda-paidalanyluyna-tolyq-tyiym-salady-15145/#gsc.tab=0);

«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);

«Әлемде тұңғыш рет: жасанды интеллекті пәтуа шығаратын болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-jasandy-intellekti-patua-shygaratyn-bolady-12615/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-evolyutsiyasy-iis-sezetin-chip-jasaldy-13370/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-intellekti-adamdy-almastyratyn-kun-jaqyn-9972/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде Франция қазынасына 10 млрд еуро пайда әкелген» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-frantsiya-qazynasyna-10-mlrd-euro-paida-akelgen-17328/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат