Адам организімінің жасушасынан “өлім таймері” табылды
|

Бейіл Корнелл медициналық колледжінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары адам организімінің жасушаларында «өлім таймері» деп аталатын құрылымды тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Aging (NA) мерзімді басылымына сілтеме жамсай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың келтірген мәліметі бойынша жастықтың құпиясы жасуша ядросының ішіндегі тығыз құрылымда жатуы мүмкін. Зерттеушілер бұл бағытта жасуша деңгейіндегі, дәлірегі, адам жасушаларына ұқсас ашытқыларға тәжірибе жүргізіп, жасуша ядросының құрамында рибосомалық ДНҚ (рДНҚ) бар хромосома мен ядродан тұратынын анықтады. Нуклеол (ядро) оны оқшаулайды – РДНҚ өзінің қайталанатын сипатына байланысты геномның ең нәзік бөліктерінің бірі, сондықтан зақымданған жағдайда оны қалпына келтіру қиындай түседі. Ғалымдардың пікірінше, қартаю кезінде мұндай ядролар көбейеді, ал қартаюға қарсы стратегиялар (мысалы, калориялы шектеу) қолданылса, олар кемиді. Ірі нуклеолиде ұсақ нуклеолиге қарағанда тұрақсыз pДНҚ көп болады, ал ақуыздар мен басқа да факторлар ішке сіңіп, жасушаның тіршілік циклінің аяқталу процесін іске қосады. Болашақта америкалық ғалымдар діңгекті жасушалардағы қартаю процесіне ядролар өзгерісінің тигізер әсерін зерттеп көрмек, өйткені, діңгекті жасушалар организмдегі тозған жасушаларды алмастыра алады.




