Адам тінінің регенерациясын бақылау тетігі табылды – жарақатты жазуды жақсартатын жаңалық
Адам тінінің регенерациясын бақылау тетігі табылды – жарақатты жазуды жақсартатын жаңалық
2 жыл бұрын 1726 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Хелсинкі университетінің ғалымдары швециялық және неміс әріптестерімен бірігіп, діңгекті жасушаларға бөлінбей тұрып еншілес жасушалардың тағдырына қатысты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл тарапта халықаралық ғалымдар тобы діңгекті жасушалардың еншілес жасушаларының дифференциялануына (бөлінуіне) немесе діңгекті жасуша болып қалуына ықпал ететін тетікті зерттеді. Организмде жарақаттың жазылуына се болатын тіндік діңгекті жасушалар бар. Сол себепті, олар нақты бір тінге тән жасушаға айнала алады. Бұл процесс мультипотенттік деп аталады. Алайда, бұл ерекшелікті эмбриондық (ұрықтық) діңгекті жасушаларды организмде кездесетін кез келген жасушаға айналдыратын плюрипотенттік процеспен шатастырмау керек. Жасушалар бөлінгенде одан екі еншілес жасуша пайда болады: олар діңгекті жасуша болуы мүмкін немесе тіндердің дифференциялық жасушалары болуы да ықтимал. Міне, жасушалардың осы өзгешелігін ғалымдар зерделеп көрген екен. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар еншілес жасушаларда ескі әрі белсенді митохондриялар болған жағдайда олардың өздігінен жаңара алмайтынын, осыған байланысты эпителия функциясын атқаратын жасушада (тін жасушасында) дифференцияланатынын анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл процесс жас митохондриялардағы темір-күкірт протеині деңгейінің төмен болуына байланысты орын алады, аталмыш ақуыз жасушаның тыныс алуының маңызды кезеңі саналатын – электрондарды тасымалдау тізбегіне қатысады. Нәтижесінде органелладағы (органелла - жасушадағы нақты функцияларды орындайтын кішкентай жасушалық құрылым) глюкозаның қышқылдану процесі баламалы (стандартты гликолизға (Гликолиз (грек, glykys — тәтті, lysis — еру) — адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегсіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі – Уикипедия электронды энциклопедиядан) қатысты) пентозофосфатты жолмен (гликолизге параллель өтетін метаболизм жолы) өтеді, сол себепті, еншілес жасушалар діңгекті жасушалар секілді тіршілік етеді. Ал ересек (сақайған) митохондриялы еншілес жасушалар кәдімгі глиолиз процесін барынша белсенді пайдаланады глюкозаны қышқылдандырып, энергия алу үшін – бұл өз кезегінде жасушалардың дифференциялануына ықпал етпек.. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Хелсинкі университетінің жаратылыстану ғылымының Хелсинкі институтының (HiLIFE) доценті Пекка Катайистоның айтуынша, жасушаның қандай функцияда болатынын шешетін гендерді енгізсе, ол жасушалардың дифференциялануына да әсер етеді, алайда, олардың тағдырына ықпалы күшті болғандықтан ең басты фактор ретінде метаболизм алға шығады.

Ұқсас материалдар:

"Адам зақымдалған ағзасын табиғи жолмен өз денесінде өсіре ала ма – адам бойынан регенерация гені табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-zaqymdalgan-agzasyn-tabigi-jolmen-oz-denesinde-osire-ala-ma-adam-boiynan-regeneratsiya-geni-tabyldy-14244/#gsc.tab=0);

"Құрбақаның кесілген аяғын өсірді (регенерация)" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurbaqanyn-kesilgen-ayagyn-osirdi-regeneratsiya-16340/#gsc.tab=0);

"Жасушалар өз-өзін «емдеп» қалпына келе алатын болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalar-oz-ozin-emdep-qalpyna-kele-alatyn-bolyp-shyqty-14337/#gsc.tab=0);

"Тілінген, жарақат алған, күйген терінің қалпына келу процесі" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tilingen-jaraqat-algan-kuigen-terinin-qalpyna-kelu-protsesi-15198/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат