Құрбақаның кесілген аяғын өсірді (регенерация)
Құрбақаның кесілген аяғын өсірді (регенерация)
2 жыл бұрын 2607 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тафтса университетінің ғалымдары молекулалар жиынтығының көмегімен ересек құрбақаның кесілген аяғын (жалпақ табаны) өсіре алған. Жаңа өсіп шыққан аяқ қимылдайды, яғни, жұмыс істейді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ғалымдар омыртқалы жануарлардың, соның ішінде сүтқоректілердің бойында «қалғып жатқан» гегенерациялық қабілетін (қалпына келу қабілетін) оята алған. Бұл тараптағы тәжірибе Африка құрлығының оңтүстігінде тіршілік ететін Xenopus laevis құрбақасына жүргізілген екен. Xenopus laevis құрбақасының кейбір ересегі өзге қос мекенділерге қарағанда айырылып қалған қол-аяғын өсіре алмайды. Бұл жағынан алғанда ол сүтқоректілерге ұқсайды. Ғалымдар құрбақа мен итбалықтың, яғни, дернәсілдердің (головастик) діңгекті жасушаларының арасында қандай айырмашылық барын зерделеп көрді. Биологтер бұл тарапта бес затты тапты – олардың концентрациясы (шоғырлану деңгейі) дернәсілдердің зақымдалған дене тіндерінде өсті, бірақ, ересектерде сол деңгейде қалды. Ғалымдар оларды сигналды молекулалар деп атады. Осы бес заттың жиынтығы мыналарды, атап айтқанда, 1,4-DPCA, BDNF (мидың нейротрофтық фактор), өсу гормонын, ретиноин қышқылын, D5 резолвинін қамтиды. Аталған молекулалардың ерітіндісін ыдырайтын пластырға енгізіп, оны кесілген аяқта пайда болған жарақатқа (кесілген жеріне) таңып көрді. 24 сағат ішінде пластырған енгізілген заттар біртіндеп зақымдалған тіндермен байланысқан. Қимылдайтын, яғни, өз табиғи қызметін атқаратын аяқ 18 айдың ішінде толық өсіп шықты. Әлбетте, бұл мерзім ұзақ. Тәжірибедегі қосмекенділердің 76%-да «саусақтардың» аналогтары арасындағы жалпақ ұшы бар табандар мен торлар пайда болды. Өсіп шыққан аяқтағы жүйке талшықтары табиғи сау аяқтағы секілді сезімталдық танытқан. Бұл өзгеше тәжірибенің мәні мен маңызы неде? Ғалымдардың топшылауынша, ежелгі заманда барлық омыртқалылар айырылып қалған аяқтары мен қолдарын қалпына келтіре (регенерация) алған. Уақыт өте келе бұл қабілеттен айырылып қалған. Осыны ескерген ғалымдар жануарлар бойындағы «қалғып жатқан» осынау қабілетті «оятып», бұ тәсілді адамда да қолданып көруді көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат