|
Бұрын байланысқа кедергі келтіретін физикалық құбылысты деректерді сымсыз берудің құралына айналдырды
|
Аиерикалық инженерлер деректерді сымсыз берудің мүлдем тың әдісін тапты. Бұл арада энергияны шығындайтын радиосигналға қажеттілігі жоқ ақпаратты сымсыз жолмен беруді ұйғаратын технология турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей технология бұрын байланысқа кедергі келтіретін жылу шуындағы электрондардың табиғи ауытқуын пайдаланады. Стэнфорд университетінің ғалымдары Зерина Капетанович есімді профессордың жетекшілігімен термодинамиканың базалық заңдары негізінде жұмыс істейтін жүйені құрды. Жылу шуылы - кез келген электр тізбектерінің ішіндегі зарядталған бөлшектердің хаотикалық дірілінен туындайтын барлық жерде болатын статикалық электр. Сыртқы факторларға байланысты бұл шағын бөлшектер жылдам немесе баяу ауытқиды. Бұл хаосты бақыланатын ақпарат тасқынына айналдыру үшін ғалымдар антенналы таратқышты электр тізбегінің екі режимі - ашық және тұйық қысқа уақыт аралығында циклдік түрде ауыстыруға мәжбүрледі. Компьютерлік логика бір жағдайды сандық бірлік ретінде, ал екіншісін нөл ретінде санады. Бұл бағыттағы тәәжірибе барысында сыртқы радиотолқындардан оқшауланған барокамерада ғалымдар физикалық парадоксты немесе кереғар құбылысты анықтады: жүйе әдеттегі бөлме температурасында болғанның өзінде тұрақты түрде бинарлық код жіберді. Осы зерттеуге атсалысқан Жозеф Кан түсіндіргендей, тізбек режимдерін ауыстыру сәтінде антенна фондық шуды қабылдағышқа кері қарай шағылыстыра бастайды. Қабылдаушы тараптың сезімтал датчиктері үшін бұл шағылысқан шу элементтер температурасының нақты өзгерісі болмағанымен, кейде сәл «ыстық», кейде «суық» болып көрінеді. Сезімтал қабылдағыш осы толқынды паттерндерді ұстайды, оларды күшейтеді және жіберілген ақпарат биттерінің мағынасын ашады. Бұл тәсіл сымсыз датчиктермен энергия тұтыну көрсеткішін стандартты Bluetooth немесе Wi-Fi сигнал тарату құралдарымен салыстырғанда шамамен 1000 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Аталмыш жаңалық әзірге зертханалық прототип сатысында тұр, ал деректерді беру жылдамдығы қатаң шектеулерге ие.