Соқырлықтың пайда болуына ықпал ететін ген табылды
Соқырлықтың пайда болуына ықпал ететін ген табылды
2 жыл бұрын 3134 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар көз ауруларын емдеудің жалпы бағытын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде соқырлықты генетикалық тұрғыдан емдеу тәсілін  анықтау немесе әзірлеу өте қиын, өйткені, олар өзара бір-бірінен көп айрықшаланады. Сол себепті, бұл бағытта ғалымдар үлкен жетістікке қол жеткізе алды деп батыл айтуға болады. Олардың айтуынша, белгілі бір геннің (SARM1) белсенділігі шешуші фактор ретінде алға шығады, нәтижесінде көздің көру қабілетін төмендетіп, түбінде соқырлыққа ұрындырады, яғни, жер сипап қалатын мүскінге, мүмкүндігі шектеулі жанға айналдырады. SARM1 генінің белсенділігін басуға бағытталған терапия көру қабілетіне қатысты бірқатар ауруларды тиімді емдеудің негізгі түріне айналуы мүмкін. Тринити генетика және микробиология мектебінің ғалымдары бұл тараптағы ғылыми материалын халықаралық молекулярлық мерзімді басылымыда жариялапты. Аталмыш мақалада зерттеуге атсалысқан Лаура Финнеган есімді ғалымның жазуынша «SARM1 генінің зақымдалуы өз кезегінде көздегі мамандандырылған (яғни, белгілі нақты функция атқаратын бейілді) жасушалар мен олардың аксондарының дегенерациясын тудыратын процеске бастайды. Бұл процесс басталғанда көру жүйкесі сигналды көзден миға бере алмайды». «Тағы бір маңызды жаңалығымыз - SARM1 генін алып тастағаннан кейін төрт айдан соң қайта тексергенімізде көру функциясы әлі де сақталған екен. Бұл тараптағы жұмысымыз Лебердің тұқым қуалайтын оптикалық ауруынан, нейропатиядан бастап, су қараңғы соқырлыққа (глаукома) дейінгі көру жүйкесіне әсер ететін бірқатар көз ауруларын күндердің күні емдеуге мүмкіндік беретініне үміт артамыз»,- деп жалғастырды профессор Джейн Фаррар. Аталмыш зерттеуді Ирландияның зерттеу кеңесі, Ирландияның ғылыми қоры, Ирландияның денсаулық сақтау саласындағы зерттеу жөніндегі кеңесі, сондай-ақ, Fighting Blindness Ireland тарапынан қаржыландырылғанын айта кетпекпіз.

Ұқсас материалдар:

«Гиалуронды қышқыл глаукомадан қорғайтын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gialurondy-qyshqyl-glaukomadan-qorgaityn-bolyp-shyqty-14545/#gsc.tab=0);

«Бір ген бар, көздің көру қабілетін жақсартатын» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-gen-bar-kozdin-koru-qabiletin-jaqsartatyn-14536/#gsc.tab=0);

«Гендік терапия соқырлыққа бастайтын, емі жоқ көз ауруынан айықтырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gendik-terapiya-soqyrlyqqa-bastaityn-emi-joq-koz-auruynan-aiyqtyrady-14465/#gsc.tab=0);

«Зағиптердің көру қабілетін қалыптастыру үшін генді редакциялайтын әдіс қолданды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/zagipterdin-koru-qabiletin-qalyptastyru-ushin-gendi-redaktsiyalaityn-adis-qoldandy-13295/#gsc.tab=0);

"Гендік терапия көмегімен көрсоқыр тышқанның көру қабілеті қалпына келтірілді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/gendik-terapiya-komegimen-korsoqyr-tyshqannyn-koru-qabileti-qalpyna-keltirildi-14325/#gsc.tab=0);

«Болашақ медицинасы: көз торының ақуызы өздігінен қалай қалпына келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaq-meditsinasy-koz-torynyn-aquyzy-ozdiginen-qalai-qalpyna-keledi-15406/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат