Гендік терапия көмегімен көрсоқыр тышқанның көру қабілеті қалпына келтірілді
Гендік терапия көмегімен көрсоқыр тышқанның көру қабілеті қалпына келтірілді
3 жыл бұрын 4112 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Nanoscope компаниясының өкілдері көрсоқыр болып қалған тәжірибедегі тышқанның көру қабілеті гендік терапия көмегімен ішінара қалпына келтірілгенін жаһанға жар салып, жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың бұл бағыттағы қолданған әдісі әмбебап әрі теріс әсері байқалмаған. Алайда, бір кілтипан бар – ғалымдар тышқанның көру қабілетінің қаншалықты тиімді екенін бағалай алмай отыр. Сол себепті де бұл тәжірибені адамдарға қолданып көруге бел буып отыр. Офтальмологияда көз сау болғанымен, нейрондар сигналды миға жеткізгенімен, сигналдардың генерацияланбайтын жағдайлар кездеседі, өйткені, көздің фоторецепторы өлген. Олар көз торының сыртқы жағында орналасқан, жарықты аулап, оны химиялық сигналға айналдырып, биполярлы жасушаларға жеткізеді, ал бұл жасушалар өз кезегінде оны нейронға айналдырады. Фоторецептор аурудан да, жарақаттан да зақымдалуға бейім келеді. Nanoscope биологтері қайтты дейсіз ғой? Олар фоторецептордан кейін опсин ақуызының қалыптасуына септігін тигізетін жасанды химиялық сигналды тудыру арқылы мұндай жетістікке қол жеткізіп отыр. Ол үшін MCO1 опсиннің белсендіруші генін жеткізетін AAV2 тасымалдаушы вирусын пайдаланған болатын. Оны көз торына иньекция арқылы енгізді. Мұндай гендік терапия қолданылған тышқанның бойынан қандай да бір ауытқушылық пен теріс әсер байқалмайды. Оны ғалымдар алты ай бойы жіті бақылаған екен.

(ықшамдалып алынды – ред.)

Глаз

0 пікір
Мұрағат