Жасанды көз торының өндірісін бірнеше есе арттыра алатын технология табылды
Жасанды көз торының өндірісін бірнеше есе арттыра алатын технология табылды
3 жыл бұрын 3370 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Мәскеулік физика-техника институы мен Гарвард университетінің ғалымдары тіндерді жартылай автоматты жолмен өңдеушінің көмегімен көз торы жасушаларын өндіру протоколын олардың сапасын жоғалтып алмай төрт есе арттыруға қол жеткізді. Ғалымдар өздері ойлап тапқан бұл әдісті тек көз торын ғана емес, сонымен қатар, өзге де ағзаларды өсіруге қолдануға келетінін айтып отыр. Тың алгоритм жасушалардың «мамандануына» (яғни, белгілі бір функцияға бейімделуіне) әсер ететін факторларды зерделеуге көмектеседі. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі аталмыш зерттеу материалы жарияланған Translational Vision Science and Technology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемде бүгінгі таңда бірнеше млн адам осы көз торының ауруларынан зардап шегеді. Көз торы нейрондарынан айырылуы салдарынан адам соқыр болып қалады. Көз торын діңгекті жасушалардың көмегімен пробиркіде өсіруге болады. Бұл тәсіл өз кезегінде көз торы нейрондарынан күрделі тінді алуға мүмкіндік бергенімен нейрондардың өсуінің бастапқы стимуляциясының кездейсоқ сипатына байланысты шектеулі болып тұр. Жасанды көз торын дұрыс дамыту көп уақытта алады: тышқандарда 30 күн болса, адамдар үшін бір жылға дейін уақыт кетеді. Ғалымдар бұл проблеманы өндірілетін жасушалардың саны мен сапасын арттыру арқылы еңсере алды. Тіндерде тек өсіп келе жатқан жасуша істеп шығаратын флуоресцентті ақуыз кездеседі. Оның қаншалықты жарық шашатынына қарап әрбір органидте дамып келе жатқан көз торының санын білуге болады. Белгілі болғандай, автоматты алгоритмді қолдану өсіріліп жатқан тіндердің санын кемітпейді. Бұл алгоритмді ғалымдар жасушаны өңдеуге жұмсайтын уақытын қысқартуға мүмкіндік берді – 2 сағаттан 34 минутқа дейін.

(ықшамдалып алынды – ред.)

Ұқсас материалдар:

«Адам зақымдалған ағзасын табиғи жолмен өз денесінде өсіре ала ма – адам бойынан регенерация гені табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-zaqymdalgan-agzasyn-tabigi-jolmen-oz-denesinde-osire-ala-ma-adam-boiynan-regeneratsiya-geni-tabyldy-14244/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат