Бір ген бар, көздің көру қабілетін жақсартатын
Бір ген бар, көздің көру қабілетін жақсартатын
3 жыл бұрын 6696 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дәрігерлер тарихта тұңғыш рет санаулы апта ішінде жастарды соқыр қылып тастайтын, тұқым қуалайтын Лебера оптикалық нейропатиясынан немесе Лебера көру жүйкесінің атрофиясынан зардап шегетін науқасқа көмектесе алды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ауру көз нейрондарының жасушаларында орын алатын мутациядан пайда болады, сол себепті, дәрі-дәрмекпен емдеуге бой бермейді. Әйгілі Кембридж және Питтсбург университеттерінің, сондай-ақ, Париж институтының ғалымдары «қардың басын қар алар» немесе «сынаны сынамен түсіру» әдісін қолданып, аталмыш дертті еңсере алған еді. Аталған ауру орташа есеппен алғанда 30 мың адамға шаққанда біреуінің жанарын зақымдайды. Көбіне 20-30 жас аралығында. Бұл дерт MT-ND4 генін ақау шалудан басталады – содан барып көз торының ганглиозды жасушалары зақымдалады. Бұл – миға ақпаратты жеткізу процесін тудыратын көздегі нейрон, сондықтан олардың зақымдалуынан оптикалық жүйке зардап шегетін болады. Соңында адам зағыип болып қалады. Ондай науқастың көру қабілетін табиғи жолмен қалпына келтіру мүмкіндігі 20 пайызға да жетпейді. Ғалымдар ДНК rAAV2 / 2-ND4 ферментін алып, MT-ND4 геніндегі мутацияға ұшыраған ферментті алмастыратындай етіп модификациялайды. Оны вирустық вектор арқылы көздің артқы жағындағы шыны тәрізді денеге инемен (иньекция) енгізгеді. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу аясында қолға алынған тәжірибеге осы уақытқа дейін 6-12 ай бұрын соқыр болып қалған 37 пациент өз еркімен қатысады. Нәтижесінде олардың 78 %-да көру қабілеті жақсарған. Бір қызығы, ғалымдарды қайран қалдырғаны: иньекция тек бір көзге ғана жасалған – ал көру қабілеті екі жанарында да байқалған.

0 пікір
Мұрағат